Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоғамдық ұйымдармен кездесулер тұрақты түрде өтеді - Аида Балаева

2020 жылдың 16 мамыр 2020 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы жетекші республикалық үкіметтік емес ұйымдармен, беделді қоғам қайраткерлерімен және белсенді еріктілер бірлестіктерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Отырыс барысында азаматтық сектордың жаңа заңнамалық бастамаларды, азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын, «Еститін мемлекет» Тұжырымдамасын, азаматтық қоғамның ел Президентінің Жолдауын іске асырудағы және халықпен кері байланыс орнатудағы рөлін талқылауға қатысу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр үкіметтік емес сектордың төтенше жағдайлар мен карантин жағдайында халықты қолдау шараларын іске асырудағы үлесін атап өтті.

Аида Балаеваның айтуынша, министрлік ашықтық пен азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл қағидатын ұстанады. Халықпен кездесулер тұрақты, әрі салалық негізде өткізілетін болады. Министрлік мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы халықтың барынша хабардар болуына және азаматтардың осы бағдарламаларға қатысуын ерекше назарда ұстайтын болады.

«Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын Мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлаған әлеуметтік жобалар, қазақстандықтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне негізделуі керек. Сонымен қатар, жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселелері ашық болуы тиіс. Министрлік халықтың әртүрлі мақсатты топтарын (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, NEET санатындағы жастар (білімі мен дағдылары жоқ), көпбалалы отбасылар және т.б.) құқықтық, қаржылық, сандық сауаттылық пен дағдыларға үйретуге бағытталған жобаларды әзірлейді «, - деді министр.

Аида Балаева ҮЕҰ отырыста айтылған барлық ұсыныстар ескеріліп, министрліктің жоспарына енгізілетін болады деп сендірді.

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, волонтерлық және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. Министрліктің ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екендігін атап өтті.


Жоғары қарай