Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

«Көкшетау-1» станциясының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 15:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола бөлімшесінің «Көкшетау-1» станциясының бастығы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің «Көкшетау-1» станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды.Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - делінген хабарламада.



Жоғары қарай