Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көкшетау ауруханаларында медициналық қызметкерлер жетіспейді

2020 жылдың 4 шілде 2020 00:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда коронавирус инфекциясымен күресу бойынша бригада құру үшін дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өңірдің медициналық қызметкерлеріне мынадай мазмұнда үндеу таратылуда: «Әріптестер!» Көкшетау қалалық ауруханасына! Шұғыл! Дәрігерлер қажет, әсіресе, анастезиолог-реаниматолог, инфекционист және барлық мамандықтағы дәрігерлер, сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен күресу бойынша бригада құру үшін дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар жетіспейді».

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 400 астам дәрігер тапшылығы байқалды.

«Қазіргі кезде өңірдегі 121 медициналық қызметкердің коронавируске тесті оң нәтиже көрсетті. Олар қатардан шықты, бұған қоса, олардың әрбіреуімен жақын байланыста болған адамдар қарантинде жатыр. Бірқатар медицина қызметкері науқастануына байланысты жұмысқа жарамсыз», - деп жалғастырды ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, облыста жоқ дегенде 25 анестезиолог-реаниматолог қажет. Медбикелер де көп жетіспейді.

«Белгілі болғандай дәрігерлердің көбі тәуекел тобындағылар. Мысалы, созылмалы аурулары барлар мен зейнеткерлер, оларға бұл шараға қатысуға болмайды», - толықтырды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.


Жоғары қарай