Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда 8 адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

2020 жылдың 5 тамыз 2020 00:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда он шақты ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2 тамызда Көкшетау қалалық ПБ ЖБО бейнебақылау кезекші инспекторы мониторинг кезінде Абай және Тәшенов көшелерінің қилысында 8 ер адамның төбелесіп жатқанын көрген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальоның қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.


Тәртіп сақшылары анықтағандай, жергілікті бес адам жазғы дәмханалардың бірінде әуе-десанты әскерлерінің күнін атап өткен. Отырыс кезінде өзге үш адаммен сөзге келісіп қалған топ сыртқа шығып, мәселені шешпек болған.

«Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұзақылық әрекетінің жолын кесті, төбелеске қатысушылардың барлығы Көкшетау қалалық ПБ жеткізілді. Осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 293 бабының 2 бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері Ақмола облысында бейнебақылау камерасы арқылы 150 астам қылмыстың беті ашылды.


Жоғары қарай