Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда арзан азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр

2021 жылдың 28 тамыз 2021 13:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік» алаңында өтіп жатқан жәрмеңкеге өңірдің 100-ден астам кәсіпорыны жалпы сомасы 120,7 миллион теңгенің 75 тонна өнімін әкелген. Қала тұрғындары мен қонақтары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрін сатып алып жатыр.

Жәрмеңкенің ұйымдастырылуын аймақ басшысы Ермек Маржықпаев көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.




«Жәрмеңкеге барлығы 50 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, сондай-ақ балық, 4,3 мың дана жұмыртқа, 4 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 5 тоннадан астам ұн, 11 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер жеткізіліп, сатылуда», - дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары.

Сонымен бірге, жәрмеңкеде «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері - қант, мүйіз, күріш ұны, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы төмендетілген бағамен ұсынылуда. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа пішен мен отын сатылымға шығарылған.








Жоғары қарай