Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда бастырмадан түсе алмай қалған балаға құтқарушылар көмекке келді

2020 жылдың 10 қараша 2020 03:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында 12 жасар бала добын алам деп бастырманың төбесіне шығып, қайтып түсе алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар баланың жерге түсуіне көмектескен.

Мекемеге бүгін жасөспірімнің осындай оқыс жағдайға ұшырағаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден 8 құтқарушы және бір техника аттанды.

«Олар үйдің жанына келген соң баланың бастырмаға добын алуға шыққанын, содан кейін өз бетінше түсе алмай қалғанын анықтады. Жеткіншек жарақат алмас үшін оны құтқарушы арқанның көмегімен жерге түсірдік» деп мәлім етті ведомстводан.

Аймақтық ТЖД ақмолалықтарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай