Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Көкшетауда боулингке салық 8 есеге төмендетілді

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 05:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда боулингке салық 8 есеге төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының кәсіпкерлік палатасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні Көкшетау қаласында бірде бір боулинг-клуб жоқ. Бұл әрине, салықтың үлкен болуына байланысты. Осыған орай, Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы өңірлік кәсіпкерлер палатасына боулинг, бильярд және ақша айырбастау пункттеріне белгіленген салық мөлшерлемесі көлемі жобасын жолдады.

Сарапшылар мөлшерлемені талдай келе, боулингке салынатын салықтың тым көп екен айтып, танымал ойынға салықты азайту туралы ұсыныс білдірді.

«ҚР Салық кодексінің 546 бабының, 3 бөлігі бойынша жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында қызмет істейтін барлық салымшыларға бірыңғай белгіленген салық мөлшерлемесін белгілейді.

Келіссөздер нәтижесінде Көкшетау қалалық мәслихаты боулингтің бір ойын алаңына белгіленген салық мөлшерлемесінің көлемін 8 есеге, яғни, 40 АЕК-тен (101 000 теңге) 5 АЕК-ке дейін (12 625 теңгеге) түсірді.

Бұрын белгіленген салық мөлшерлемесі 5 жолақты боулингке жылына 6 миллион теңгені құраса, енді 750 мың теңге шамасында болып отыр», дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғыс Темір.

Қолданыстағы салық мөлшерлемені талдау көрсеткендей, Ақмола облысының аудандарында салық органдарымен салымшылардың қызметі тиісті деңгейді зерттелмейді.

«Мәселен, мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша облыста боулингке арналған барлығы 3 алаң жұмыс істейді. Оның екеуі Зеренді ауданында болса, біреуі Степногорск қаласында. Бурабай ауданында да салық айына 40 АЕК болды. Тек биылғы жылдың мамырынан бастап 20 АЕК төмендетілді. Ең көп салық мөлшерлемесі Бұланды ауданында айына 83 АЕК болды. Бұл екі ауданда да боулинг ойын алаңының болмауы жоғары салық мөлшерлемесінің аталмыш бизнесті дамытуға кедергі келтіріп отырғанын білдіреді», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Республика бойынша салыстыратын болсақ, Қызылордада - 13 АЕК, Ақтауда – 25 АЕК, Шымкентте – 25 АЕК, Петропавлда – 33,2 АЕК. Елорда мен Ақтөбеде ең көп салық мөлшерлемесі анықталып отыр.


Жоғары қарай