Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда екі жасар бала 7-қабаттан құлап мерт болды

2021 жылдың 15 мамыр 2021 11:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2 жасқа таяған бала 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 14-і күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған.

Бұл туралы Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан.

«Абылай хан көшесі, 15 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті. Алдағы маусым айында бүлдіршін 2 жасқа толатын еді», - деп айтты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Анықталғандай, бүлдіршін пәтердің ашық тұрған терезесінен абайсызда құлап кеткен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай