Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көкшетауда есірткі заттарын жасырумен айналысқан қызылордалық ұсталды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 14:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда синтетикалық есірткі заттарын жасырумен айналысқан Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 14 мамыр күні Қопа көлінің жағасында қолға түсті.

«Көкшетауда синтетикалық есірткі заттарын жасырумен айналысқан Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктіні тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ тәрізді 50 полиэтилен бумаға салынған синтетикалық есірткі заты «пиралерон» тәркіленді. Табылған заттың салмағы шамамен 40 грамды құрайды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, полиция қызметкерлері күдіктінің ұялы телефоны арқылы есірткі заттарын салатын орындардың геолокациясын көрсете отырып, фотоесептер жүргізгенін анықтады.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Белгілі болғандай, күдікті Ақмола облысына бірнеше ай бұрын Қызылорда қаласынан келген. Ол еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, Қосшыда жалға алған үйінде есірткі өсіріп келген Ресей азаматы ұсталды.



Жоғары қарай