Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған бойжеткен қонақүйден табылды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 12:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Айшолпан Сыздықова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен жергілікті қонақ үйден табылған.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері қыркүйектің 28-де кешке қарай жоғалған қызды Көкшетау қаласындағы қонақ үйлердің бірінен тапты. Бойжеткен отбасылық түсініспеушіліктен үйінен кетіп қалған. Оған қатысты заңға қайшы әрекет жасалмаған және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай