Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көкшетауда карантин қайта күшейтілді: Қала сыртына 7 блокпост қойылады

2020 жылдың 14 маусым 2020 18:11

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 15 маусымда кешкі сағат 20:00 бастап Көкшетау қаласындағы 7 блокпостың жұмысы қайта жанданып, қалада карантин шектеу шаралары күшейтіледі. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина қала тұрғындарына осындай шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты 199 жағдай тіркелді, оның төртеуі қайғылы аяқталды. Облыс орталығында жағдай күрделене түсті. Мониторинг тобының жұмысы тұрғындардың өзі мен туыстарының денсаулығына немқұрайды қарайтындығын көрсетті. Жаппай отбасылық шаралар – туған күн, үйлену тойы, кісінің жылын беру, жерлеу рәсімдері тәрізді шаралардың өткізілетіндігін көрсетті. Санитралық эпидемиологиялық талаптарды орындамайтын кәсіпорындар да бар. Барлық жағдай бойынша әкімшілік шаралар қолданылуда», делінген хабарламада.

Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 80 пайыздан асып, 42 адамды құрады. Оның ішінде ауру белгісі барлар - 15, ауру белгісі білінбейтіндер - 27.

Еске сала кетейік, симптомы жоқтар - оларда аурудың жөтелу, дене қызуының көтерілуі сияқты өзге де белгілері білінбейді. Алайда, зерттеу қорытындысы оң нәтиже беріп, олардың вирусты белсенді тасымалдаушы екенін көрсетті.

Бүгінгі таңда Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 49 адам, провизолық станционарында 63 емделіп жатыр.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын қайта күшейту туралы шешім шығарылды.

Айталық, 15 маусымда і күні кешкі сағат 20:00 бастап Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы күшіне енеді. Көкшетау қаласының айналасындағы 7 блокпост қалпына келтіріліп, азық-түлік және тұрмыстық химия, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда орындарының, спорттық нысандары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен діни мекемелердің жұмысы шектеледі.

Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін қажет. Бұған түсіністікпен қарауды және жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Үйден шығуды шектеу, маска тағу, қолды антисептикпен жуу, қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын орындарға бармау қажет», - делінген Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің шұғыл хабарламасында.


Жоғары қарай