Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда қараусыз қалған үйдің ішінен 3 жасар бала табылды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 12:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қараусыз қалған үйдің ішінен 3 жасар бала табылып, әжесіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

Ақмола облысында жазғы маусымда суға шомылу кезінде орын алатын қайғылы жағдайларды алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын түсіндіру рейдтері өткізілуде. Облыс орталығында жүргізілген осындай рейд барысында Көкшетау қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко және бас құтқарушысы Ерлан Жапаров Қопа көлінің жағасына жақын маңдағы Набережный көшесінің бойында қараусыз қалған тұрғын үйдің ішінен 2017 жылғы ұл баланы тапқан. Бала есімін және үйінің мекен-жайын білмеген.

«Құтқарушылар баланың ата – анасы мен тұратын үй анықтау үшін сол маңдағы үйлердің аулаларын аралып шықты. Нәтижесінде баланың әжесі табылды. Бастапқыда баланы ұрлады деп айғайға басқан әжесі кейін жағдайды сұрастыра келе, немересін үйіне жеткізген құтқарушыларға алғысын айтты. Әжесінің айтуынша, баланың анасы азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен, ал әжесі ойнап жүрген баланың ауладан қалай шығып кеткенін байқамай қалған», - деп жазады Polisia.kz.

Осы ретте, тәртіп сақшылары, тұрғындарға балаларды жалғыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік негіздерін үйретуге шақырады.


Жоғары қарай