Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Көкшетауда Қытайда демалып келген балалардан коронавирусқа сынама алынды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 18:18

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Қытайда демалып келген балалардан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін 28 қаңтарда де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) диагнозымен 2 және 5 жасар екі бала түсті. Аталмыш отбасы қаңтардың 6-ы мен 21-і аралығында Қытайда (Хайнань) демалыста болған.

«Науқастардан коронавирус инфекциясына байланысты сынама алынды. Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегі бойынша, сынама қорытындысы бірер сағатта дайын болады. Ата-анасы мен баланың үлкенінде ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) белгілері табылмады. Анасы аурханада балалардың қасында», деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желісінде Көкшетаудағы жұқпалы ауралар ауруханасына коронавирусқа күдікпен науқас түсті деген ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық – эпидемологиялық шараларды күшейту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың жетекшілігімен өңірлік комиссия құрылды.


Жоғары қарай