Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда мұғалім жоғалып кетті

2021 жылдың 12 мамыр 2021 17:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан. Өтініш иесінің айтуынша, ұлы 7мамырда сағат 08:00 Көкшетау қаласындағы үйінен шығып содан хабарсыз кеткен.

Белгілі болғандай, жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Жоғалған адамның белгілер: бойы 175-180 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, қысқа қиылған, құлақтары орташа, көздері қысыңқы, қоңыр түсті.

Үстіне сұр джинсы, қара көк куртка, аяқтарында қоңыр түсті аяқ киім киген.

Ерекше белгілер: астыңғы ернінің төменгі жағында меңі бар.

«Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Барлық камералар қаралды, бірақ ер адамның орналасқан жерін табу мүмкін болмады», - деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың тұрған жерін білетін немесе оның жоғалуына қатысты қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса «102» арнайы желісіне немесе 29-96-00 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай