Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда үшем дүниеге келді

2021 жылдың 3 мамыр 2021 14:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Зәуреш есімді келіншек 2 мамырда Көкшетаудағы перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелген.

«Нәрестелердің үшеуі де ұл балалар. Қазіргі кезде, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, әйел мерзімінен бұрын, 32 апталығында толғағы келгендіктен, дәрігерлер оны кесарево тілігі бойынша босандырып алған. Бұл соңғы 10 жылда Көкшетауда дүниеге келіп отырған үшем. Бұл отбасының бұдан бөлек екі қызы бар.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай