Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Көкшетауда жалған ақпарат таратқандар істі болды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 21:12

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 56 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 24 наурызда полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде Оңтүстік Кореядан ұшып келген, коронавирус жұқтыруы мүмкін азаматтардың жергілікті емдеу мекемелерінде орналастырылғандығы туралы жалған ақпаратты анықтаған.

«Аудиожазба арқылы таратылған фейк ақпараттың авторын анықтау бойынша жедел іздестіру шарасы қолға алынды. Нәтижесінде Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, әйел танысының үйінде қонақта болғанында Оңтүстік Кореядан әуе рейсімен ұшып келген қазақстандықтардың Ақмола облысындағы емдеу мекемелеріне орнастырылғандығын естіп, кейін өзге танысына аудиожазба арқылы жіберген. Өз кезегінде таныс әйел ақпараттың рас, өтірігіне көз жеткізбестен 200 астам қолданушы бар WhatsApp-тағы топқа жіберген», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты үш заң бұзушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай