Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жертөледен шыққан өрттен 22 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 12:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында Абылайхан даңғылындағы 20-үйдің жертөлесінен өрт шығып, 22 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін таңғы сағат 08:14 шамасында Ақмола облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кезекшілік бөліміне Абылайхан даңғылы, 20 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шыққаны туралы хабарланды. Айтылған мекенжайға өрт сөндіру қызметкерлері мен арнайы техника тартылды», - деп атап өтті Көкшетау қаласы ТЖБ бастығы Әсет Жақсылықов.

Ведомствоның мәліметінше, өрттен 22 адам (оның төртеуі - бала) эвакуацияланды. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр.






Жоғары қарай