Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жоғалған кәмелет жасына толмаған қыз  табылды

2021 жылдың 22 мамыр 2021 20:49

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды полиция іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 21-де сағат 23:30-да Көкшетау қалалық ПБ «102» пультіне 39 жастағы ер адам хабарласып, 15 жастағы қызын іздеп табуға көмек сұрады. Әкесінің сөзінше, қызы 21 мамырда сағат 19:00 шамасында үйден кетіп, кейін қайтып оралмаған.

«Әкесі қызы серуендеп болған соң, үйге оралады деп үміттенген, бірақ олай болмай шықты. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Оған қылмыстық іздестіру қызметкерлері, учаскелік полиция уәкілдері және ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары барлық маңайды тексеріп, жоғалған адамның туған-туыстарынан сұрастырып, оның әлеуметтік ортасын зерттеді. Көкшетау қаласының барлық бейнебақылау камераларындағы жазба тексерілді», - деді ведомстводан.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жасөспірімнің Көкшетау қаласының көшелерінің бірінде жүргені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Айта кету керек, жасөспірімге қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттер жасалмады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қызбен әңгіме өткізді. Полиция азаматтардан балаларына мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ әрқашан ортақ тіл табуға тырысуды сұрайды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жақын туыстарының бірі жоғалған жағдайда дереу көмек сұрап, өз бетінше іздеуге уақыт жұмсамау керектігін айтады.


Жоғары қарай