Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда жоғалған көпбалалы әйел табылды

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда үйінен кетіп қалған көпбалалы әйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 13-де Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен белгісіз жаққа кетіп қалған 32 жастағы әйелін іздеп табуға көмек сұраған.

«Осыған байланысты тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын қолға алды. Оған тәртіп сақшыларынан бөлек еріктілер де тартылды. Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп, әйелдің туыстары мен таныстары сұралды», - деді ведомстводан.

Белгілі болғандай, әйелдің кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Ол қаңтардың 12-де түнгі сағат 23:30-дар шамасында үйінен шығып кеткен.

«Арада бір күн өткен соң әйелді тәртіп сақшылары тапты. Ол отбасылық мәселеге байланысты үйінен кетіп, жалғыз болғысы келген», - деп толықтырды ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай