Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында коронавирусқа қарсы екпе салынуда

2021 жылдың 2 мамыр 2021 15:19

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мереке күндері жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеуде. Тәуелсіздік алаңында тұрған кешенде көкшетаулықтарға COVID-19-ға қарсы екпе салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасылық денсаулық орталығы» бөлімшесінің меңгерушісі Жұлдыз Сапарбаеваның айтуынша, аталған медициналық кешен, мобильді бригадалар, сондай-ақ қалалық емхана мен облыс орталығының ірі сауда нүктелеріндегі кабинеттер қала тұрғындары үшін 1-3 мамыр аралығында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Осыған дейін осындай жылжымалы кешеннің іс-шаралардың арқасында бір жұмыс күні ішінде 1300-ден астам адам екпе алған.

«Вакцинация кезінде біздің мамандар мен медицина қызметкерлері пациенттерге кеңес береді, олар қандай жанама әсерлерге тап болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Бізде вакцинаның бірінші компонентін алған адамдар 21 күннен кейін қалалық емханаға немесе отбасылық денсаулық орталығына екінші компонентке жүгіне алады», - деп бөлісті Жұлдыз Сапарбаева.








Жоғары қарай