Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетаудың іргесінде Ботай мәдениеті қонысына қазба жұмыстары жүргізіледі

2021 жылдың 16 сәуір 2021 20:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың жазында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері өңірде бірнеше археологиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр ауылында маңында Ботай мәдениеті қонысы орнында қазба жұмыстары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, Краснояр ауылы маңында неолит кезеңіндегі Ботай мәдениетінің қонысы болғаны белгілі. Бұл жерде 2000 жылдардың басында американдықтар қазба жұмыстарын жүргізді. Содан кейін сүйек материалдары, артефактілер, қыш ыдысының сынықтары, остеологиялық материалдар сияқты көне археологиялық заттар табылған.

«Бірақ содан бері қазба жұмыстары жүргізілген жоқ. Осы жазда біз зерттеуді қайта бастағымыз келеді. Бұл жер бірнеше қатпардан тұрады, аумағы үлкен шамамен 8-10 гектарды алып жатыр. Бұрын бұл жерде 300-ден астам үй болған. Адамдар онда өте ұзақ өмір сүрген - бір жыл емес, екі жыл емес, тіпті 100 жыл да емес», - дейді Қуаныш Шақшақов.

Музей директорының айтуынша, қазба жұмыстарын лицензиясы мен аккредитациясы бар музейдің археолог мамандары жүргізеді. Екінші маңызды археологиялық зерттеу «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы – ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» жобасы болмақ.

«Бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы аумағында ерте темір ғасыры кезеңі, яғни сармат өркениеті іс жүзінде жүйелі негізде зерттелмеген. Тек қазба жұмыстары жүргізілген жерлер кешенді зерттелген. 2020 жылы біз «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы – ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» жобасын ұсындық. 2021 жылы бізді облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасы қолдады. Мұнда ерте темір дәуірінің ескерткіштерін – сақ-сармат өркениетін, сондай-ақ зерттеушілердің назарынан тыс қалған орта ғасыр кезеңін зерттеу басты орын алады» - деп қосты Қуаныш Шақшақов.

Осылайша, зерттеушілерден Ақмола облысының аумағында ортағасырлық қалашықтар, керуен-сарайлар, ерте Ұлы Жібек жолының соқпақтарын табу күтілуде.


Жоғары қарай