Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Көкшетаулық команда Қазақстан кубогының екінші кезеңінде жеңіске жетті

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 18:56 940

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Көкшетау-Winkod» командасы «Самұрық-2019» қысқы ралли спринтінен ҚР кубогының екінші кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды қаласында өткен жарысқа Алматы, Астана, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Ақкөл, Экібастұз, Ақсу, Жезқазған және Өскемен қалаларынан жиналған командалар қатысты.

Көкшетаулық экипаж жақсы нәтиже көрсетті. Турнир кестесінде екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Көкшетау-Winkod» қарсыластарынан оқ бойы алда келеді.

Команда жетекшісі, автоспорттан ұлттық құраманың мүшесі Рамиль Набиулин бастаған команда мүшелері Әсет Құдаров, Влад Ларюшин, Илья Пастернак, Илья Журавлев, Павел Шумилов, Валерий Наджафов, Денис Луценко, Евгений Мурыгин және Виталий Качигаров Қазақстан кубогы үшін барын салатынын айтуда.


null 

«Қазіргі кезде автоспортқа қызығушылық жоғары. Бұл спорт түрімен кәсіби айналысу адамдарға күнделікті өмірде, көлік жүргізген кезде қауіпсіз болуға үйретеді», - дейді Р.Набиулин.

«Самұрық-2019» қысқы ралли спринтінен ҚР кубогының келесі кезеңі Павлодарда, ал финалдық жарысы Астанада өтеді.



null 

 

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай