Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көктайғақ, тұман: 9 өңірде ескерту жарияланды

2021 жылдың 15 қараша 2021 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде және таңертен Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстіктен жел соғады, түнде өңірдің батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күндіз өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады.

Атырау облысының батысынды және шығысында жаяу бұрқасын соғып, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман, түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде өңірдің солтүстік-батысында тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қатты қар жауады. Тәулік бойы 17-18 қарашада облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тәулік бойы 17 қарашада, түнде 18 қарашада желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары артады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам, Қазгидромет,
Жоғары қарай