Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Көктемгі дала жұмыстарына 395 мың тонна дизель отыны бөлінді

2020 жылдың 26 мамыр 2020 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 314 мың тонна жанар-жағармайға шарттар жасалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ақпан-маусым айлары мезгіліне 395 мың тонна дизель отыны бөлінді. 26 мамырдағы жағдай бойынша бекітілген кесте бойынша 314 мың тонна немесе барлық көлемнің 80 пайызын жеткізу бойынша шарттар жасалды, оның ішінде өңірлерге 259 мың тоннасы тиеліп, жөнелтілді», - деді министр.

Өз кезегінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге төмендетілген бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаға сәйкес, тиісті кестедегі шаралар іске асырылып жатқанын жеткізді.

«Қазіргі кезде бөлінген дизель отынының 63 пайызы облыстарға арзандатылған бағамен жөнелтілді. Бұл бағыттағы жұмыстарда ешқандай кедергілер жоқ», - деді Н. Ноғаев.

Бұдан бөлек С. Омаров ауыл шаруашылығы құрлымдарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының қажетті саны бар екенін айтты.

«Жыл сайын машина-трактор паркін жаңарту бойынша және егіс техникасының заманауи түрлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Министрлік облыстар әкімдіктерімен бірлесіп, карантиндік режимнің қолданылу уақытында сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты барлық мәселелерді пысықтағанын атап өткім келеді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.


Жоғары қарай