Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көктемгі егіс науқанына техниканың дайындық деңгейі қандай

2020 жылдың 17 наурыз 2020 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс науқанына техниканы дайындау барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде 143 мың трактор, 4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені, 78 мың тұқымсепкіш және 243 мың топырақ өңдеу құралы бар.

«Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, 15 наурыздағы жағдай бойынша биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 94 пайызды, егіс кешендерінің дайындығы 100 пайызды, тұқымсепкіштердің дайындығы 93 пайызды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 95 пайызды құрады», - деді Сапархан Омаров.

Осы орайда ол жұмыстарды бастайтын кезеңінде техника дайындығы 100 пайызды құрайтынын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысында ұзақ кідірістерді болдырмау мақсатында жөндеу бригадалары қалыптастырылады. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисін күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 млн гектар алаңға егіледі.



Жоғары қарай