Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоқыс полигонына қайта өңдеуге жарамсыз қалдықтар ғана жіберіледі

2021 жылдың 19 мамыр 2021 23:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған Waste to Energy жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 4-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығады. Оның тек 18,3 %-ы ғана қайта өңдеуге түседі.

Яғни қалдықтың 80% -дан астамы полигондарға төгіліп жатыр деген сөз.

«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы бойынша 2030 жылға қарай елдегі қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%, ал 2050 жылға қарай 50%-ға жетуі тиіс.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов аталған межені орындау үшін Waste to Energy жобасын іске асыруды ұсынды.

Жоба бойынша бұдан былай қайта өңдеу арқылы энергия өндіруге жарамсыз қалдықтарды ғана қоқыс полигонына төгуге рұқсат етілмек.

Бастама ілкі жоба ретінде әуелі Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында сынақтан өтеді.

Шарада сөз алған франциялық сарапшы Пьер Хитцбергер бір Париждің өзінде ғана Ахметжан Пірімқұлов атаған жобаға ұқсас принциппен жұмыс істейтін үш зауыт бар екенін атап өтті.

Жоғары қарай