Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына кіргізілмек

2021 жылдың 25 қазан 2021 19:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Көкжайлау шатқалының Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына қашан қайтарылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр 2020 жылғы 30 қыркүйекте қордағы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне ауыстыру тәртібін реттейтін заң қабылданғанын еске салды.

«Аталған заңның қабылдануы Көкжайлау жобасының жерлерін Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтаруға негіз болды. Бүгінде жер көлемі шамамен 1000 гектарды құрайды, қазіргі уақытта Іле-Алатау ұлттық паркіне жер беру туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленуде», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қаулы жобасын келісу және оны бекіту рәсімі шамамен бір айға созылады, ал Көкжайлауды Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтару процесі жыл соңына дейін аяқталмақ.


Жоғары қарай