Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қолданыстағы вакциналар коронавирустың жаңа штамдарынан 75 пайыз қорғайды - ҚР ДСМ

2022 жылдың 18 мамыр 2022 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елде қолданылып жүрген вакциналардың COVID-19 инфекциясының ең соңғы штамдарымен қаншалықты тиімді күресетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронваиурсқа қарсы әзірленген вакциналар соңғы үлгідегі екпе болып саналады. Сондықтан өндірушілердің бәрі коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болған сайын мониторинг жүргізіп, өз екпесінің онымен қаншалықты тиімді күресетінін бақылап отырады. Яғни, вирустың жаңа мутациялары пайда болған сайын екпенің тиімділігі туралы мәліметтер жаңартылып отырады», - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпараттың сауалына жолдаған жауабында.

Ведомствоның мәліметі бойынша, вакцина арқылы қалыптасқан иммунитет уақыт өте келе әлсіреуі мүмкін. Бұл кезде адамның вирус жұқтыру ықтималдығы қайта жоғарылайды.

«Осыған байланысты коронавирусқа қарсы екпені вакцианцияның алғашқы курсын толық аяқтаған соң 6 айдан кейін алу ұсынылып отыр. Америкалық ғалымдардың зерттеу деректері бойынша, мРНҚ технологиясы бойынша жасалған вакциналардың коронавиурстың кез келген формасымен күресу тиімділігі 70-75 пайыз мөлшерінде. Вакцина ағзада жаңа штамдардың туындауына да кедергі болады», - деп жазылған министрліктің жауабында.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстанда ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады.



Жоғары қарай