Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Көлігін артқа айдаған жүргізуші 134 мың теңге айыппұл төлейді

2019 жылдың 23 шілде 2019 16:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы көлігін артқа қарай айдаған жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 жастағы жас жігіт кіші Желтоқсан көшесімен Әл-Фараби даңғылына қарай бағыт алған. Бұл видео Instagram желісінде таралды.

Полиция жүргізушіге қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырды.

«Бұл жолы жол ережесін бұзған 20 жастағы жасөспірім болып шықты. Жақсы кадр шығару үшін жол ережесін бұзған. Енді бұл әрекеті үшін ол 134 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Жүргізілген профилактикалық шаралардың арқасында осындай ереже бұзушылықтың қатары азайғаны рас. Көбінесе жас, тәжірибесіз жүргізушілер осындай әрекетке барады. Бұл жүргізушімен де мамандар сөйлесетін болады. Ал оның көлігі айып тұрағына жіберіледі», - деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серікжан Әбжанов.

Сонымен қатар, жүргізушінің көлік басқаруға рұқсат беретін құжаты болмаған.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Заң,
Жоғары қарай