Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлікпен соқтығысқан велосипедші көз жұмды: Қарағанды облысы

2021 жылдың 30 мамыр 2021 20:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында көлікпен соқтығысқан велосипедші араға үш күн салып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 26-27 мамырға қараған түні сағат 1.20 шамасында Қарағанды облысының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі Саран қаласында автокөлік жүргізіп келе жатып, велосипедшіні қағып кетті. 30 мамырда зардап шеккен адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.

«Алдын ала тексеру көрсеткендей, велосипедші қозғалыс барысында қарсы жолаққа шығып кетіп, әскери қызметшінің көлігімен соқтығысқан.

Жедел жәрдем мен полиция шақырылды.

Куәландыру барысында көлік жүргізген әскери қызметшінің алкогольдік мас күйі анықталған жоқ», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметшінің осы оқиғадағы кінәлілігі немесе кінәсіздігі тергеу барысында анықталатын болады.


Жоғары қарай