Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көлікте қыз зорлаған: Ақтау тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 27 қазан 2021 12:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда автокөлікте қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында «Немолчи» қозғалысының әлеуметтік желідегі жазбасынан мәлім болды.

Онда Ақтауда тұратын бойжеткенді танысы мәшинеде зорлағаны жайлы айтылған.

«Ол қыз пәк болатын. Кеше полицияға арыз берілді, бірақ әлі күнге дейін тергеуші белгілі емес, жәбірленушінің киімін де алған жоқ. Полицейлер күдіктіні ұстамады, оқиға орны да қаралған жоқ, көлікті айып тұрағына қоймады, тіпті сараптама да тағайындаған жоқ» деп жазылған мәліметте.

Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр» деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай