Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Колледж түлектерін жұмысқа қабылдайтын орталықтар ашылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық кәсіпкерлер палатасы білім және еңбек пен әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесіп, колледж түлектерін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты, бүгін «Атамекен» жұмыспен қамту мобильді орталығының менеджерлері техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға көшпелі жұмысын бастады. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының онға жуық колледжінің түлектеріне оқудан кейін бірден жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріліп отыр.

«Біз түлектердің мамандығы бойынша колледж қажеттіліктерін жинадық және оларға мыңнан астам бос жұмыс орнын әзірледік. Ақпан айында 500-ден астам колледж түлегі сынақ тапсырып, оқуын аяқтайды. Олардың бірден жұмысқа орналасуы үшін қаладағы 10 колледжде көшпелі жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді. Орталық мамандары оларды жұмысқа қабылдайды және тіркейді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айболат Есентеміров.








Атап айтқанда Нұр-Сұлтандағы Көпбейінді колледж, Көлік және коммуникациялар колледжі, Экономика, технология, стандарттау және азық өндіру колледжі, Менеджмент және бизнес колледжі, Қонаев университетінің колледжі, Басқару колледжі және Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің түлектері түрлі мамандық бойынша жұмыс іздей алады.

«Студенттер дизайнерден бастап, дәнекерлеуші қызметіне дейін жұмысқа орналаса алады. Мәселен, ірі мұнай компанияларының бірі 20 бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Оған оқуын жақсы аяқтаған, өзін жақсы қырынан көрсете білген жастарды іріктеп аламыз», - деді А. Есентеміров.





Қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасында жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бос жұмыс орындарының банкі құрылды.

Сондай-ақ, бұл бос орындарды Instagram желісіңде @rabota.atameken парақшасынан көруге болады.





Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай