Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Колледж түлектерінің ҰБТ тапсыру мерзімі өзгерді

2020 жылдың 27 маусым 2020 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы түлектердің 72 пайызы Ұлттық бірыңғай тест тапсырып үлгерді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға 131 471 адам ниет білдірген. Оның ішінде 111 113-і – биылғы оқу жылының мектеп түлектері. Осы түлектердің 72 пайызы ҰБТ тапсырып үлгерді.

1 шілде күні жоспарға сәйкес, осы жылғы мектеп түлектерінің соңғы легі ҰБТ тапсырады. Осылайша 2019-2020 оқу жылының мектеп түлектеріне ҰБТ аяқталады. 21 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсырып жатқандар үшін кесте өзгермейді.

«12 мыңнан астам алдыңғы жылдардың мектеп және колледж түлектері ҰБТ-ны 2,3,4 шілдеде емес, одан ертерек, 28, 29, 30 маусымда сағат 15:00-де тапсыратын болады. Олардың рұқсатнамалары жарамды, ауыстырудың қажеті жоқ. Егер тестіленуші өзінің ҰБТ тапсыру пунктіне келіп үлгермесе, info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек. Өтініш қысқа мерзімде қаралып, ол бойынша жақын жерде орналасқан облыс орталығында тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады», - деп атап өтеді министрліктен.


Жоғары қарай