Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Компьютерде жұмыс істеу көру қабілетіне қалай әсер етеді – мамандар

2020 жылдың 9 ақпан 2020 19:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мамандары компьютерде жұмыс істеу көру қабілетіне қалай әсер ететіні жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің Facebook-тегі парақшасында.

Компьютерде ұзақ жұмыс істеген кезінде көз шаршайды – құрғайды, қышиды, бұлыңғыр көреді, жарық қарай алмай қалады, ауырсыну және әлсіздік пайда болады.

Көздің көру қабілеті нашарламауы үшін келесі ережені ұстану керек:

• Жеткілікті жарық. Жұмыс орнын терезенің сол жағына немесе оң жағына жабдықтаған дұрыс, сонда күндіз жарық мониторға жанынан түседі. Монитордың қарама-қарсы немесе терезе алдында орналасуы көзге салмақ түсіреді ;

• Жасанды жарық біркелкі және жеткілікті болуы тиіс. Тек үстел шамы жарығымен мониторда жұмыс істеуге болмайды. Экранға тікелей түспейтіндей жарық қолданылуы керек;

• Экранды көздің жоғарғы жиегімен бірдей етіп орналастырыңыз. Монитор көзден 50-60 см қашықтықта орналасуы керек, ал төменгі бөлігі сізге жоғарғы жақтан гөрі жақынырақ болатындай етіп орналастырыңыз;

• Экранның тазалығын қадағалаңыз, оны шаң мен кірден, дақтардан тазалайтын арнайы майлықтармен сүртіңіз;

• Егер сіз көзілдірікпен жұмыс жасасаңыз, экранның радиациясынан қорғайтын арнайы «офистік көзілдірікке» тапсырыс бергеніңіз жөн;

• Көп су ішіңіз, көзіңіздің шырышты қабаты құрғамау үшін, көзіңізді жиі жұмып-ашып отыруды ұмытпаңыз;

• Жұмыс күндері 1-2 сағат сайын жүйелі түрде көз жаттығуын жасаңыз.

Көзге арналған жаттығу:

• Көзді толықтай релаксациялау керек, көзді жұмып, дененің барлық бұлшықеттерін босаңсытып, демалуға тырысу керек.

• Шеңбер қимылдары. Көзіңізді шеңбер бойымен жылжытыңыз: алдымен сағат тілімен, содан кейін қарама-қарсы, бірнеше рет.

• Екі жағына және үстіне-астына қарау керек. Мұны бірнеше қайталаймыз.

• Диагональды қозғалыс. Алдымен, көзқарастарыңызды жоғарыдан төменнен солға және артқа, содан кейін жоғарыдан солдан төменгіге қарай оңға және артқа бірнеше рет жылжытыңыз.

• Алыста орналасқан құс пен терезеге жақын ағаш бұтағы сияқты алыс және жақын затты кезекпен қараңыз.

Бұлар қарапайым жаттығу және көп уақытты қажет етпейді, олар сізге демалуға және көздің бұлшықеттерін жаттықтыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарай