Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Конгода автобус апатынан 24 адам қаза тапты

2019 жылдың 20 қазан 2019 20:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конгода елдің батыс жағындағы Мбанза-Нгунгу қаласына таяу маңда болған автобус апатынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды жергілікті Actualite басылымы.

Оқиғаны көргендердің айтуынша, автобус аударылып, өртеніп кеткен. Ішінде тауарларын әкеле жатқан 100-ге саудагер болған. Олардың 24-і көз жұмды.

Көлік апатының неден орын алғаны әзірге белгісіз. Бірақ келеңсіз жағдайға куә болғандардың болжамынша, автобустың тежегіші істен шыққан.

Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмектер көрсетілді.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай