Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Конгода БҰҰ қызметкерлерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасындағы әскери трибунал 2017 жылы БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 51 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл іс бойынша сотта 54 айыпты адам болған. Бір күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы екі айыпталушы ақталды.

Сонымен бірге, агенттік атап өткендей, 2003 жылдан бастап Конгода өлім жазасына мораторий енгізілген. Сондықтан сотталғанғандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

БҰҰ-ның екі қызметкері - АҚШ азаматы мен Швеция азаматы 2017 жылдың наурыз айында Конгоның Касаи провинциясында жоғалып кеткен. Олар аймақтағы қарулы қақтығыстарда қаза тапқан адамдардың жаппай бейіттерінің орындарын зерттеумен айналысқан болатын.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай