Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көп жайт тәртіпке бағынуымызға байланысты - Павел Казанцев карантин жайында

2020 жылдың 14 тамыз 2020 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетінің екінші толқынынан қалай өтетіндігіміз өзіміздің іс-әрекетімізге байланысты. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантиннің жеңілдетілумен қатар белгілі бір қауіптердің күрделене түсуі қатар жүреді. Коронавирусқа қатысты бұл қауіптер мемлекеттік құрылымға не болмаса ауруханалардағы төсек-орынға емес, адамның менталитетіне, адамдардың байыппен немесе жүрдім-бардым қарауына, елімізде туындаған ортақ проблемаға адами біріге білуіне байланысты. Дәл осы деңгейде, коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайда бұл үлкен қауіп туындайды»,- деді ол.

Осы ретте Мәжіліс депутаты қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екендігін айтқан Елбасының үндеуіне толық қосылатындығын білдірді.

«Елбасы бізге адамдар тәртіпке, өзін-өзі оқшаулауға, байланыстарды қысқартуға жауапкершілікпен қараған елдерде адамдар наразылық танытатын, маска тағуға мәжбүрлейтін елдерге қарағанда процестің жеңіл өтетіндігін көрсетіп берді. Елбасы үндеуі дер уақытында жасалып отыр әрі өте маңызды. Түптеп келгенде әрбір адам бұл сөздерді жете түсінуі қажет. Індет жұқтырып, өзгелерге таратпау үшін өзіңе, өзіңді қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараған жөн», - деді Мәжіліс депутаты.

Павел Казанцевтің айтуынша, адамдардың барлығы коронавирус індетінің екінші толқыны орын алатындығын түсініп отыр. Ал оның ауыр әлде жеңіл өтетіндігі бұл проблемаға адамдардың байыппен қарауына байланысты.

«Коронавирус індетінің екінші толқынынан қалай өтетіндігіміз өзімізге және тәртібімізге, іс-әрекеттерімізге байланысты», - деді ол.

Айта кетейік, кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 17 тамыздан кейін карантин қалай жеңілдейтінін түсіндірген еді.


Жоғары қарай