Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көпбалалы отбасылар тарапынан бизнес курстарға сұраныс артты – Ләззат Қожахметова

2020 жылдың 22 қазан 2020 14:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпбалалы отбасылар тарапынан бизнес курстарға деген сұраныс артты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық аймақтарда мемлекеттік тапсырыспен көпбалалы аналарды қолдайтын «Бақытты отбасы» және «Жанұя» деген орталықтар ашылды. Бұл орталықтар тек консультация беру деңгейінде қалып отыр. Қазір консультацияны әкімдер де, басқарма басшылары да, министрлерде де тікелей эфирге шығып, өздері беріп отыр. Яғни, бұл орталықтардың жұмысын келешекте қайтадан қарастыруды сұраймыз», - деді Л. Қожахметова.

Оның сөзіне қарағанда, көпбалалы отбасыларға кәсіпкерлік негіздерін үйрететін «Атамекен» палатасында «Бастау Бизнес» курстары бар. Биыл бұл курстарға өте көп сұраныс болды. Бірақ тамыз айында бұл курстарға қабылдау тоқтап қалды. Осы орайда аталған курстарға байланысты орын санын көбейту ұсынысы жасалды.

«Оқыған адамда кәсіпкер болуға, масылдықтан арылуға, атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардан бас тартуға деген құлшыныс әрі ынталану пайда болады. Бұл курстарды оқытқан кезде «Атамекен» палатасының бизнестегі қазақша тілі өте ауыр. Сондықтан осы жағына және тестілерге назар аударса дейміз», - деді ол.

Л. Қожахметованың пайымынша, көпбалалы отбасыларға берілетін қайтарымсыз гранттардың көбейту керек.


Жоғары қарай