Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Көпбалалы отбасыларды қолдауға қосымша қаржы бөлінеді - Ақмола

2019 жылдың 5 наурыз 2019 22:44 904

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шығындарды оңтайландыру арқылы қосымша 700 миллион теңге қаржы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, партия активінің жиналысында облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға,  оның ішінде көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер туралы айтып берді.



null 

Нақтырақ айтсақ,  13 мыңға бала  (12745) ыстық тамақ,  мектеп формасы, оқулық және канцеляриялық тауарлармен қамтылатын болады.

Ыстық тамақ үшін қарастырылып отырған 460 миллион теңгенің үстінен қосымша 213 миллион теңге бөлінеді.

Мектеп формасы мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету үшін қосымша 317 миллион теңге (жоспарланған 38 миллион теңгенің үстіне) бөлінеді.

Аудан орталықтары және қалаларда  6900 бала мен ана қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүреді (6907 адам-105,8 миллион теңге).

Күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға бір реттік көмек (29 698 теңге) көрсетіледі. 2019 жылы осындай 1150 отбасына 19 миллион теңге қарастырылып отырса,  оның үстіне қосымша 44 миллион теңге бөлінеді.  



null 

Жоғары қарай