Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелеріне жер салығы салынбайды - Руслан Дәленов

2020 жылдың 24 маусым 2020 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке тұлғаларға салық салу жеңілдетіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы талқыланып жатыр.

«Салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады», - деді министр.

Р. Дәленовтың сөзіне қарағанда, салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр.


Жоғары қарай