Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор нарығында доллар арзандады

2022 жылдың 27 сәуір 2022 15:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 3,91 теңгеге арзандады. 1 доллар - 449, 55 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 453,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы - 447,98 теңге, сатып алу – 452,44 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату - 450 теңге болса, сатып алу – 452,80 теңге.

Айта кетейік, аптаның басында екі күн қатарынан АҚШ доллары бес теңгеге қымбаттаған болатын.
Жоғары қарай