Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді

2021 жылдың 20 қазан 2021 11:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 қазанның кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426,00 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,14 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425.01 теңге, сатып алу – 426, 5 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425, 7 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 8 теңге.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай