Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор нарығында доллар тағы арзандады

2022 жылдың 29 сәуір 2022 16:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 29 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 38 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 444, 73 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 445,09 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 449, 14 теңге.

Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр.


Жоғары қарай