Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

2021 жылдың 22 қазан 2021 03:18

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр»,-делінген ведомство хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай