Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қордайда отандық вакцина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 16:18

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Қордайдағы вакцина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталып, дайын өнімді құюға толық дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президентке берген есебінде айтып өтті.

Оның сөзіне сенсек, облыстағы вакцина алуға тиісті тұрғындардың 72,5 пайызы екпе салдырған.

Сонымен қатар Президентке вакцина шығаратын зауыттың дайын өнімді құюға толық әзір екені айтылды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Зауыт пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған үйлер мен акт залы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.



Жоғары қарай