Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қордайға Алматыдан қыдырып келген екі адамнан коронавирус табылды

2020 жылдың 14 маусым 2020 13:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 7 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласының 1976, 1995, 2001, 1951 және 1982 жылы туған бес тұрғынынан инфекция табылды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.

Тағы екі жағдай Алматы қаласынан келген Қордай ауданының 1971 және 2015 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

13 маусымдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирусты 483 адам жұқтырған.


Жоғары қарай