Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Корей мәдениетінің фестивалі өтеді

2021 жылдың 13 қазан 2021 14:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15-16 қазан күндері Алматы қаласының Республика сарайында корей мәдениетінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Корея Республикасы Елшілігі Корей мәдени орталығының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналмақ.

«Шара қазақстандықтардың Кореяға деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. Фестивальде корей халқының дәстүрі мен мәдениетіне қызығатын алматылықтарға және қала қонақтарына түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылады», - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Оның айтуынша, дәл осындай шара өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында да ұйымдастырылған.

«Алматы қаласындағы корей мәдениетінің фестивалі 15 және 16 қазан күндері Республика сарайында өтеді. 15 қазанда сағат 19.00-де корей музыкалық комедия театры корей дәстүрлі өнерінің концертін өткізсе, 16 қазанда «ICU» және «N. CUS» сияқты K-POP топтары концерт қояды», - дейді орталық директоры.























Жоғары қарай