Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Корея Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирустан тезірек сауығуын тіледі

2020 жылдың 25 маусым 2020 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, деп жазады Elbasy.kz.

Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

«Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын.

Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым.

Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін» делінген жеделхатта.


Жоғары қарай