Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қорғаныс министрлігі снарядтар туралы желіде тараған видеоға түсінік берді

2021 жылдың 30 тамыз 2021 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы «Қазтехнология» акционерлік қоғамына береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің хабарлауынша, аталмыш «Қазтехнология» АҚ ұйымы олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алып, оны жоя отырып, өндірісте кәдеге жарату процесін жүргізеді.

Оқ-дәрілердің сынықтары осындай үрдістен кейін ғана gosreestr.kz электрондық сауда алаңы арқылы сатуға қойылады.

Видеода көрсетілген снарядтардың сырты мен оқсауыты – бұл оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық алаңындағы сауда арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді.

Өндірістік база «Бақтияр-Group» ЖШС-ға тиесілі екені тексеру барысында анықталды. Оның аумағында қара металл сынықтары (күйдірілген металл, болат және шойын металл) сақталған.

Аталған металды «Бақтияр-Group» ЖШС 2021 жылы 30 наурызда Түркістан облысы, Арыс қаласында «Қазтехнология» АҚ-ның металл сынықтары қоймасымен жасалған шарт негізінде сатып алған.

«Бақтияр-Group» ЖШС хабарламаға сәйкес заңды мекенжайы: ҚР, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында тіркелген. Бұл ұйымның түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы лицензиясы бар.

26 тамызда өрт шыққан Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасында мұндай оқ-дәрілер сақталмағанын айта кеткен жөн.

Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетейік, желіде Байзақ ауданында жиналған снарядтар туралы видео тараған еді.


Жоғары қарай