Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

«Қорғас» орталығы 15 ақпанға дейін жабылды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 20:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетінен сақтық шаралары Алматы облысында да күшейтілді. Осыған байланысты «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы жұмысын уақытша тоқтатты. 15 ақпанға дейін аталған орталық жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы аумағында Қытаймен шекаралас 6 кеден бекеті бар. Солардың барлығында қазір бақылау күшейтілген. Ал «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығының жұмысы уақытша тоқтатылды.

«15 ақпанға дейін «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы жабылды. Қажет болған жағдайда мерзім уақыты ұзартылуы мүмкін»,-деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.





Бұл кеден бекетіне жай күндері Қазақстан тарапынан 3,5 мың адам кіріп-шығады. Демалыс күндері олардың саны бес мыңға жетеді. Жалпы Қытай халқы шығыс күнтізбесімен жаңа жылды атап өтер уақытта бұл жер екі аптаға жабылады. Ал қазіргі жағдайға байланысты облыс әкімінің ұйғарымымен бекет жұмысы 15 ақпанға дейін тоқтатылды.

«Әр бекетте оқшаулау бөлмелері бар. Бөлмелер 2-3 төсек орын және басқа да қажет заттармен жабдықталған. Сондай-ақ медициналық пунктілер жұмыс істеп тұр. Мамандар обаға қарсы арнайы костюмдермен қамтамасыз етілген», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.





Жоғары қарай